18.07.2021
  616


Автор: Төретайұлы Қабылбек

КҮНӘСІЗ МАХАББАТ

Аузын ашса жүрегі көрінеді деуге келетін бір адамдар болады. Олардың бір жақсы қасиеті — өздері ешнәрсе жасырмайтын, дәлірегі жасыра алмайтындықтан, оларға өзің де жаныңның есік-терезесін айқара ашып тастағаныңды кейде байқамай қалатын сияқтысың. Алматының «Алатау» шипажайында демалып жатып, Оңтүстіктен келген Қабен атты жігітпен бөлмелес болдым. Өлең жазатын, ән салатын, әзіл-анекдоттардың «түбін түсіретін», отырыстың ГҮЛІ» дейтіндей жігіт екен. Қырықтың бел ортасынан асқан жігіт ағасы атанып қалған өзіммен құрдас болған соң ба, екеуміз тез арада шүйіркелесіп «іші-бауырымыз» араласып кетті.
— Алғашқы махаббатың жәйлі айтып берші, — дедім бірде. Жексенбі еді. Ем-дом бұл КҮНІ жоқ. Қабен әңгімесін бастап кетті.
Жиырмадан жаңа асқан кезім. Жеңіс мейрамы КҮНІ. Екі қол қалтаға, жаным жер-көкке сыймай, қаладағы орталық баққа жалғыздан-жалғыз сандалып келе қалғаным.
Өзім жалғызбын-ау, ал кеудемде... о-о-о менің басымдағы қиялым мен көкірегімдегі армандардан аз ғана хабары бар адам адуын ақынның:
— Сен менің өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің.
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,
Шошыр едің! — деген өлең жолдарын еске алар ма еді?
Жалғыз қалмау ҮШІН дос керек. Дос демекші, менде осы дос деуге тұратын асыл сезімге лайықты жан бар ма? Иә, Құдайға шүкір, біреуі бар. Бір де болса бірегей, бір де болса онға татиды деп ойлаймын. Бірақ, ол алыста, сонау Алатаудың аясындағы ақ шаңқан арманшыл Алматыда. Біздерді жалғастырар дәнекер — ақ қағаз, КҮЛГІН сияны арқалап келетін хаттар.
...Шіркін сенің хаттарың-ай, хаттарың,
Шіркін менің хаттарым-ай, хаттарым.
Сол кезгідей жүрек шіркін соққыла
, Сол кезгідей сезім шіркін ақтарыл. Дос... Ол біреу не екеу, тіпті үшеу ғана болатын шығар.Әрине, нағыз дос, жан қиысар, қансырасаң қан құйысар, бірақ ердің артқы қасын сұрамайтын нағыз дос! Осындай ой қаумалап саябаққа ене бергенімде:
— О, ғажап...
Сүйікті Жар мен сені танымаймын,
Алдымнан өзің шығып танытпасаң, — деген өлеңді еске түсірерліктей бір қыз келеді қарсы алдымда. Қасында ауылдағы жақын әпкем — Орынша. Әпкеммен амандастым, ол мені Жеңіс күнімен құттықтады, қасындағы қыз күлімсіреп қолын ұсынды. Қолы жұп-жұмсақ екен. Тура шұға секілді. Көзіне көзім ТҮСТІ. Күлімдеп тұр. Қолын ұзағырақ ұстап қалғанымды сезгенде, тұла бойымнан шым-шым етіп, бір нәрсе жүгіріп өткендей болды. Бетім ду ете түсті. Не айтып, не қойғанымды білмеймін. Олардың сөздерінің де бірін ұқсам, бірін ұқпаймын. Есімде қалғаны — қыздың есімі. Аты Алмаш екен.
— Алма емес пе?
— Жоқ, Алмаш. Ал сізге тек Алма ұнай ма? Ақ алма, қызыл алманы кеп жегенсіз-ау өзі. — Ол сыңғырлай КҮЛДІ. Мен төменшіктеніңкіреп қалдым да, «әшейінде ауыз жаппас, той дегенде елең таппас» дегендей:
— Жоқ, ә, бірақ Алмаш деген «алмашы», «аяшы» деген сияқты естіледі екен, қайта-қайта айтсаң, әрине, — дедім. Осалдау ойымды қуаттандыра ТҮСКІСІ келді ме, жаңа таны-сым:
— Алмаш, Алмаш, Алмаш, — деп қайталап көріп, екеуміз де қосыла КҮЛДІК.
Шіркін Алмаш! Сол Алмашпен танысқан күннен менің өмірімде күтпеген өзгеріс басталды да кетті. Ерте тұрып, қаланың күншығысындағы алып зауытқа жұмысқа кетем. Көңілде — көктем, көкірек көтеріңкі, көзде — қуаныш ұшқыны. Бұрынғыдай ауысым бітісімен апыл-ғұпыл емес, асықпай, мұқият жуынып аламын да, технология институтына тартамын. Онда кешкі бөлімде Алмаш оқиды. Кешкі он жарымдарда лекциялары бітеді. Есіктің алдынан КҮТІП аламын:
— О, құда бала, сәлем, — дейді СҮЙКІМДІ дауыс жылы жымиыспен. Қолын аламын, қолтығынан алуға қорқамын, қорғаншақтаймын. Соны сезе ме, Алмаш өзі қолтығымнан алады да, қатарласып жүріп кетеміз.
Шіркін, Алмаш, не деген сезімтал едің!
КҮНДЕГІ әдетіміз осы. Кешкі оннан өте ТҮН ортасына дейін облыстық театрдың арқа жағындағы әдемі бау-дарақтың арасында қыдырамыз. Жұп-жұп жүргендердің жігіттерінің Алмашыма көз салмайтындары кем де кем. Кей қу тұмсық, қызыл көзділері қызыға, қызғана қарайтындай. МҮМКІН, менің көңіліме солай сезілер. Әйтеуір, өзімді керемет ақжолтай, жолы болғыш жігіт екенмін деп ойлай бастағандаймын. Жүрегім кейде торға түскен торғайдай тыпыр қағады. Кеңіл әлденеге алаң, әлденеге елегізулі. Тіліме ып-ыстық, ырғақтар оралады.
Есімде менің бал-шырын кештер тып-тымық,
Екі үркек жүрек тұрған бір сәттер жұлқынып...
Әлдеқайдан әдемі ән естіледі:
«Бар болғаны жүрек тулап, дем ысып, Әлсін-әлсін ерінге-ерін төнеді».
Сол әдемі әндегі ғашықтық, ынтықтық әрекетті біз де қайталаймыз, Бірақ, біздегі ерекет әлдеқайда ыстық, тәтті, әрі ұзақ болып келеді.
Шіркін, Алмаш! Сен бақыт ҮШІН және СҮЙІКТІҢДІ бақытты ету ҮШІН жаралған жансың ғой. Арамызда айтылмаған арман, ақтарылмаған сыр, өрбімеген әңгіме қалмайды. Осылайша екі жылдай уақыт өте шықты.
Бірде оған: — Бұдан былай сені Бәтесім десем қайтеді? — дедім, еркелеп. Ол сабырлы қалпымен сәл ойланып тұрды да:
— Осыны шын айтып тұрсың ба? Мен — Бәтес, сен —Бүркіт болсаң, енді жетпегені мөлдір махабатты 6ҮЛдіретін Мүсәпір емес пе? Иә, мен де оқығанмын Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» — деді сыбырлағандай.
Қадамымызды баяулата тоқтадық, бір-бірімізге қарама-қарсы қарап тұрмыз. Ай сәулесі Алмаштың бетіне ТҮСТІ. Кере қарыс жазық маңдай, тұңғиық та ойлы, мейірге толы жанар, қияқтай қас пен әдемі қабақ, үлкен де емес, кіші де емес СҮП-СҮЙКІМДІ келісті қыр мұрын, әсем де нақышты иек — бәрі-бәрі Айдың алтын сәулесімен мәрмәрдан құйылған ғажап МҮСІН өнерінің маңдай алды туындысына ұқсап тұрды. Ортамызда — ерсілеу ҮНСІЗДІК.
— Кешір, кешірші, — даусым күбірлеңкіреп, күңгірттеу шықты. Жаным ышқына шыңғыра жылап жатыр. «Тіфу, тіфу, кет, бәлекет, Мүсәпірі несі, бермеймін ешкімге, бұл Бәтес емес, Алмаш — менің Алмашым. Мен — Бүркіт емеспін, мен ойланбай айта салыппын». «Махаббаттардың түбіне,
Ойламау жеткен қашан да...»
«Қайран, Төлеш аға, мен мұны неге естен шығардым екен?!»
«Мен неге айттым, ол неге мұңайды? Не айтсаң да жақсы нәрсе айт, періштелер әумин десе, сол нәрсе орындалады деуші еді апам. Ендігәрі ойланып сөйлейінші».
Осындай ойлармен жатақханасына, 222-бөлмеге әкеліп салдым. Ұза-а-ақ, ұза-ақ СҮЙІСІП қоштастық. Бағанағы көңілсіз әңгіме ұмытылғандай, көңілдегі көрінбес кірбің жуылып-тазарғандай, Әне, 222-нің шамы жарқ етіп жанды. Әнеу бір әдемі сұлба — Алмаш, менің Алмашым! Шамың қандай жарық еді, 222! Оны жарқыратып жіберген менің Алмашым шығар. Үлбіреген пердең қандай нәзік, 222! Оны үлбірете үтіктеген менің Алмашым емес пе? Қош бол ертеңге дейін, 222! Ертең кешке дейін!
Ертеңіне — дүйсенбіде біздің бригада таңертең шұғыл түрде Алматыға іссапарға кетті. Бір айға!
Осы бір ай менің өмірімдегі ең ұзақ, ең жылжымайтын зілтабан уақыт көрінді. Жаныма жалау, көңіліме медеті — Алмашпен өткерген кездерімді зердемнен қайта сүзу. Шіркін, Алмаш! Қылықтарың қандай тәтті, қандай әуес. Ең алғаш сүйіскеніміз... Ай СҮТ сәулесін себізгілеп тұрды. Алмаш жарқ, етіп күлген кезде бетінің оң жағы үйіріле шұң-қырланды. Мөп-мөлдір су бетіндегі болар-болмас иірім тәрізді. Сол иірім мені тартып бара жатқандай. Мен «нар тәуе-кел» деп, кеудемнің діріліне қарамастан, әлгі титтей иірімнен ұрттап көрдім де, әсем жымиған алқызыл, әдемі ерінге қадала ұзақ өптім. Ол алғашқыда сәл секем алғандай, кеудемнен әлсіз ғана әнтек итергендей әрекет байқатты да ... сонан соң екі ақ білекті иығыма асып, бауырыма кіре ТҮСІП, ебедейсіздеу аймаласа бастады. Біраздан соң шәрбат сусынға қанбай қалған жандар сияқты әлгі ынтызар әрекетке қайта кірістік. Сол шырын қылық қайталана берді, қайталана берді. Сол жеңсік тірлік, әуес әрекет ешбір мезі ететін емес. Қайта бірте-бірте жаңа қыры, соны тәсіл, тосын ықпалы ашыла түскендей. Сөйтіп, ешкім үйретпей-ақ, біз ынтықтық пен ынтызарлық әліппесін тәп-тәуір меңгеріп келе жаттық.
Шіркін, жастық шақ! Жиырма жасар жігіт пен он сегізге жаңа толған жас қыздың қылығынан пәк те артық не бар екен мына күнәға толы жалған дүниеде?!
Мен кейде өлең оқимын. «Кімдікі, қай ақын?» — деп сұрайды Алмаш. Аузыма тұскен бір танымал ақынның атын айта саламын, өзімдікі деуге жүрексінем, КҮЛКІГЕ қалам ба деп қорқамын.
— Құда бала, — деді бір КҮНІ Алмаш, — Сен неге жасырып жүрсің менен, ақын екеніңді? — Не дейді, кім ақын? Кім айтты?
— Өзім көрдім, аудандық газеттен. Бірімізден біріміз ешнәрсе жасырмаймыз деп серттескеніміз қайда? Мен өкпеледім саған, — Алмаш кәдімгідей бұртиып тұр.
— Аудандық газетке шыққандардың бәрі бірдей ақын болып кетпейді. Тіпті, облыстық, республикалық газеттерге өлеңің басылса да, ол ақындықтың белгісі емес.
— Кейбіреулер қабырға газетіне шығып та, қырып кете жаздайды екен ғой. Екеуміз де КҮЛІП жібердік. Өйткені, бұл оқиғаны оған мен айтып берген едім. Мектепте бір бала қабырға газетіне өлең жазып, онысы «Жұлдыз» жорналының ертеректегі санында жарияланған үлкен ақынның өлеңі екені белгілі болып қалған. Сөйтсе, әлгі «жиен ақынымыз» — «нағыз ақындардың бір тақырыпты бірдей жырлай беруі МҮМКІН» — деген ғой беті шылп етпестен. Алмаш соны меңзеп, соны мегзеп отыр.
Екеуміз тәтті қиялдарға берілетінбіз. Ертең үйленген соң не істейміз, қай жерде тұрамыз, неше перзент болғаны жөн, тағы сол жалғаса береді, жалағаса береді. Оран-жировкасы ~ Алмаштың кейде ұяла, кейде қымсына, кей¬де наздана сыңғырлаған әдемі КҮЛКІСІ.
—- Айнам, — дедім бір КҮНІ, — бір нәрсе сұрасам айта-сың ба?
— Айтамын. Не сұрасаң да.
— Сенің менен бұрын жігітің болып па еді?
— Болған...
Кеуде тұсым солқ етіп, төмен тартып кеткен тәрізденді. Көзіне ҮН-ТҮНСІЗ тіке қарадым, Ол да жанарын аудармады.
— Сен сұрадың, мен айттым, құда бала, ал мен өтірік айта алмаймын.
— Ол жігітің қайда енді? — дедім, «жігітің» деген сөзге екпін салыңқырап.
— Жігіт болғанда, ол өзі бір «вечерге» ғана «жігіт» бо¬лып, сол жерде сыбағасын алып, сонымен қойған,
— әдеттегідей сөзінің соңын қоңырау күлкімен көркемдеп жіберді.
— БҮГІН ертерек қайтайық, — деді ҮНСІЗДІКТІ бұзған Алмаш, — Ағам мен жеңгем ауылға кеткен, маған үйге қара деп еді. Соңғы кезде пәтер тонау жиілеп кетті ғой өзі. — Мына сөзден соң жүрегім атқақтай жөнелді.
Үш бөлмелі пәтерде Алмаш екеуміз ғана. Люстра тым жарқырап кетеді деп, Алмаш «ночнушка» жақты. Қызғылтым ТҮСТІ екен, Алмаштың шәйі желеңі де сол түстес. Төрдегі жарасымды жиһаз да сондай. Дүниенің бәрі қыз-ғылтым. Менің де қыз кеудесін ашып, қызғылт тамырын басып көрмеген қызу қаным басыма шауып, жүрегімнің дауылпазын соқтырып бара жатты...
Көзімдегі құмарлық пен құштарлық, ынтызарлық пен іңкәрлікті, атойлап бас көтеріп келе жатқан тентек сезім, бұзық бүлікшілдікті сезді ме Алмаш:
— Құда бала, саған, сенің кісілігің мен тектілігіңе, жігіттік төзіміңе сенемін. КҮШ көрсетпейтініңді де білемін. Бірақ...
— Не бірақ...
— Бірақ өзіме өзім әлім жетпей қалса ше?
— «Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші»...
— Жоқ, әр нәрсенің өз орны бар. — Менің кеудем өзгеше тербеліске толып кетті.
«Ертең сен мені алғанда,
Ақ шымылдыққа барғанда
Қос қапталдағы қос жеңгөң,
Ақ жайма серпіп салғанда,
Не дермін сонда, не дермін,
Ақ тілеулі жандарға?
Ақ шашты әзіз әжеңмен,
Ақ сақалды атаңыз,
Ақ үмітті әкең мен
Ақ жаулықты апаңыз
Қалмас па екен арманда?» Егер ол ақын болса өз ойын осылай жеткізер ме еді, әйтеуір, мен осылай ұқтым. Ойына толық қосылдым.
... Тар төсекте көрер таңды көзімізбен атқыздық. Жастарға тән нәзіктік пен нәзік қылық, емірену мен тебірену, айналу мен толғану бәрі де болды. КҮН мен желден басқа тимеген, көз қарықтырар майда діріл тербеген қос анарын алақанмен қаншама аяладым, ерінмен қаншама аймаладым. Бірақ, әйтеуір, ортадағы кіршіксіз үлбіреген үлдірек алмас кездіктің жүзінен аман қалды...
Біздің бригаданың алған тапсырмасы «Ырғақты — сияпатты ауысым» деп аталады екен де, оның мәнісі — таңның атысы ■— КҮННІҢ батысы, сенбі, жексенбі дейтін демалыс күндеріне қарамай, істі тезірек бітіру керек деген сөз екен. Сондықтан, екі-үш апта хабарсыз кеттім. Алмаш не ойлап жүр екен? Құда баласы құрдымға батқандай құрып кетті. Алмаш облыстық заңгерлер кеңесінде істейтін. Соған телефонмен хабарластым. Жағдай сұрасқан соң, ол: «Алматыда пәлен деген мекен-жайда Ләйла деген дос-құрбым бар. Соған жолық, міндетті түрде», — деп екі рет қайталады.
Екі ауыз сөзде шиеленіскен құпия барын дауыс ырғағынан терең ұқтым, Айтқаны бойынша Ләйланы тауып алдым. Құжаттарын өнер институтына тапсырыпты. Мені таңқалдырғаны — үстелі ҮСТІНДЕГІ портрет. «Ақын» деп аталады. Сондай таныс. Кім? Олжастың жас кезі ме? Шоқан ба? Сұрадым. Ләйла кұлімсіреді. Онысы Алмашқа ұқсап кетті, сағынғаннан ба екен?
— Шынымен танымадың ба?
— Жоқ.
— Сенің портретің ғой, Алмаштың айтуы мен суреттеуі бойынша салғанмын. Жүрегім бе, ішкі сарайым ба, білмеймін, әйтеуір кеуде тұсым жып-жылыланып бара жатты. Бұдан асқан қандай суреттеу мен бағалау болады? Осылайша өз-өзімнен еліріп тұрғанымда Ләйланың:
— Білесің бе, Қабен? — деген үнінен шікәмшіл салқындық сезіп қалдым да, бар зейініммен жүзіне ҮҢІЛДІМ. Оның әр сөзі балғаның соққысындай басым естілді:
— Білесің бе, ол сені мына жағымен /сол қолымен жүрек тұсын басты/ жақсы көреді. Сендер ҮШІНШІ курсты бітірген соң үйленбек болып шешкен екенсіңдер ғой. Оған әлі бір жылдай бар. Ал жақында Мэльс әскерден келіпті.
— Қай Мэльс?!
— Баяғы Алмаштан «сыбағасын» алатын ше?
— Иә?!
— Сол қызып отырып айтыпты... сол қызды қа.., әйел қылмасам жігіт емеспін, — деп. — Енді не істедік?
Шұғыл түрде кешкі пойызбен Шымкентке тарттым да кеттім, Пойыздан түсе сала Алмаштың жұмысына жеттім.
Жоқ. Ешкім білмейді. Келмегеніне екі, ҮШ КҮН. Орнында бөтен қыз отыр, уақытша дейді. Кешке 222 бөлмеге келдім. Есік күзетуші егделеу орыс әйелі менің сауалыма: — Молодой человек, ее ведь умыкали, есть же у вас такой обычай, — деп мысқылдай күлді. КҮЛДІ де менің түріме көзі ТҮСІП кетіп:
— Ой бедный, бедненький, как я тебя понимаю, но ничем не могу помочь, — деп мүсіркей қарады.
Иә, енді маған ешкім де көмектесе алмайды. Екі иінім салбырап, құр сұлбам қалды. Міне, Алмаш екеуміз отырған, оған қарай жантайып, тізесіне басымды қойып, еркелей жатқан, арқасы бар ұзынша орындық. Онда басқа бақытты жұп отыр. «Бақытты жұп, байқаңдаршы, бақыттарыңнан көз жазып қалмаңдаршы! Мөлдір махаббаттарыңды Мүсәпір-Мэльстер бүлдіріп кетпесінші, айналайын жас жұп, бейуайым жас-тар!».
Қайран Алмаш! Шынымен айырылдым ба сенен? Не ҮШІН, не кінәм, не КҮНӘМ бар еді? Не жаздым мен мына Жаратқанға? Бір пендеге қылдай қиянатым жоқ еді ғой. Жан адамның бетіне тіке қарамаушы едім ғой. Сорлы, ынжық, қиялшыл бейшара. Кімге керек сенің адалдығың, турашылдығың, ақ жүректігің, ақ көңілділігің? Кімге керек сенің ақ пейілің мен ақ шымылдығың? Зұлымдық — өледі, мейірім — жеңеді деуші едің. Жеті атаңның қақ шекесі! Ол аксиома мынадай: Қабен, Алмаш — көнеді, Мүсәпір, Мэльс — жеңеді.
Солай!
Жатақханадан жаяулап Комсомол саябағына келіппін. Биік-биік терек, қара ағаш, қаратал, қарағандардың жапырақтары КҮЗДІҢ желімен үзіле кетіп, суылдап, қалбалақтап келіп бетке ұрады. Қою қараңғылық басқан бақ ішінде бірде-бір шам жанып тұрған жоқ. Менің құлазыған көңіліме әдейі істелінген табиғи реңк, баттасқан қара бояу секілді. Бет-аузым дымқылданғандай. Бұл КҮЗДІҢ алғашқы жаңбырының тамшылары ма, әлде мен жылап келем бе? Тамағыма тас тұрған секілді, әлденеге кеңсірігім ашыды. Мынау тас түнек сол баяғы таныс бақ па, басқа ма? Алмаш екеуміз жүргенде бұл саябақ самаладай жап-жарық еді ғой.
Екі, ҮШ апта өтті. Ешнәрсеге зауқым жоқ. Ішкі дүнием ішігу деген ауруға ұшырап, іріп бара жатқандай. Іштей ыңыранамын. Аузымнан шыққан ақ жалын ұйқасқа айналып барып басылады:
Мені сүйген, мен де сүйген әз ару,
Ендігі дерт — құсалықтан бозару.
Қара батпақ менің аппақ сезімім
, МҮМКІН емес енді одан тазару...
Осылайша опырылып отырғанда, әлдебір жақсылықтың ҮНІ жеткендей, қараңғы көкірегіме себездеп сәуле түскендей:
«Орынша әпкем!!! Соның жақын қайынсіңлісі емес пе? Сол, сол білер бір хабарын!» Қаланың бір шетіндегі әпкемнің үйіне салып ұрып жеттім. Жақсысы — Үйде бір өзі ғана екен. Болған жәйтті баяндауға көшті.
— Иә, осындай іс өтті, — деді бас-аяғыма шола қараған Орынша әпкем, — ойламаған жерден, сабағынан қайтып келе жатқан Алмашты ҮШ жігіт басып алып-қашқан. Қасқасу ма, Шошқабұлақ па, әйтеуір, Ленгірдің аржағындағы тау баурайы. Алмаш көнбей, қатты қарсыласқан, түскен ҮЙДІҢ шәт-шәлекейін шығарған. «Сүйген жігітім бар, уәдеміз бар, қосылып та қойғанбыз» деген. Бәлені ме, ауылдың әйелдері бірінен соң бірі кіріп, бәрі қосыла жармасып жүріп,көндіргенге ұқсайды.
Соңғы ҮМІТ ҮЗІЛДІ! Бақтағы соқыр шамдай кеудемдегі жарық та біржола сөнді. Есіл Алмаш... Маңдайымның бағы бар деп жүргенде, сормаңдай болып шыға келдім-ау, Маңдайыма сыймай кеттің де.
Соқа басым состиған күндерде есеп жоқ. Бірде жаным жабырқап, көңілім құлазып, кешке қарай би басталар мезгілде орталық саябаққа жападан-жалғыз келдім. О, ғажап... Би алаңының дәл ортасында Алмаш... билеп жүр...
Шарбаққа жақындап зер сала, анықтай қарадым. Сол, сол! Айны-қатесіз. Өзгермеген... Жоқ, өзгерген, МҮЛДЕ басқа. Ұзын бұрым кесілген. Азғындау, өңі қуқыл тартыпты. Бар ынты-шынтысымен билеп, айнала топтың назарын еріксіз өзіне аударып алған. Бар өшін, ашу-ыза, кегін биден, би алаңынан, екі балтыр мен қос өкшеден алардай, ерекше жұлқына билейді. Сәлден соң музыка аяқталды. Барабанның соңғы ұрысынан селк етіп, шегіншектей бергенімде:
— О, құда бала! — деп саңқ еткен дауыс ШҮЙДЕМДІ шымырлатты. Дауыс — Алмаштікі еді. Бұл дауысты мен сан мың адамның арасынан айнытпай таныр едім. Жаңа ғана аяқталған бидің ырғағы бойынан тарамай, жеңіл қозғалған Алмаш қасына ұзын бойлы, өңі сары, көзі көк, маңдайы екі еліге жетер-жетпес біреуді ертіп келді. Танысып қоюымызды еркелей тұрып өтінгендей болды. Анау:
— Мэльс, — деп қолын ұсынды. Тістері темекі ТҮТІнінен сартаптанып кеткен, үстіндегі киімі алабажақ. Сары туфли, қара шалбар, шұбар-шұбар, жолақ-жолақ, түрменікі сияқты көйлек киіп алыпты. Менің орныма Алмаш сөйледі:
— Ал, мына жігіт /Алмаш аз-кем пауза жасады/ құда бала, Қабен. — Сөйтті де, осы қылықтарына кешірім өтінгендей үнмен: — Мэльсті бүгін қоярда-қоймай, биге сүйрегендей қылып алып келіп едім, — деп қосып қойды. Екі қолымды неге екенін, тарақтай ұстап, желкеме апарып, шалқая керілдім де:
— Құттықтаймын, құтты болсын, — дедім. Аузыма бас¬ка сөз түспеді. Алмаш та, Мэльс те менің сөзімді жауапсыз қалдырды. Осы сәт сахнадан:
— В нашей программе «белый танец», то есть, дамы приглашает кавалеров, — деп хабарлады. Мэльс кезекті темекісін тұтатты.
Алмаш мені биге шақырды.
Енді қазір болатында бір сұмдық,
Екеуміз де қоса қабат күрсіндік,
— Адамның арманы емес, Алланың пәрмені болады екен де, құда бала. Сенің кінәң да, КҮНӘҢ да жоқ, — таусыла күңіренбеші, — деп жұбату сөз айтты Алмаш.
Одан әрі өзінің өкінішін етекпен басқандай, шыжылдаған шындықпен жеткізді. — Баяғы ТҮНДІ саған қиғанда да бұлай өкінбес едім. Өмірде есте қалар, сені есіме салар бір ТҮН, бір ғана маздақты мезетім болар еді!
— Ақ шымылдық ішінде, адал сезіммен ақ төсекте табыссақ деп едік қой, Алмаш. Арада ешнәрсе болған жоқ деп бәрін де басынан қайта бастасақ ше?
— Қабен, сен осыны шыныңмен айттың ба, ойландың ба? Жүрегіңнің күшімен бе, әлде тіліңнің ұшымен бе айтқаның?
Тек мені аяғандықтан айтып тұрған жоқпысың мына сөздерді? «Мені кім аяр екен?». Көңілім босады, кірпігім буланды. Көңіл ауанымды аңғарған сезімтал Алмаш та босаңсыды. ЖҮЗІ албырап, жанары жасаурағандай ма? Екі құбылыс бір-бірімен жымдасып, алғашқы бастауын таба бастағанда, оқыс ҮН адырнаны ҮЗІП жіберді.
— Немене, емешелерің езіліп, елжіресе қалыпсыңдар?!
Тамылжыған ТҮН тыныштығын бұзған байғыздың дауысындай СҮЙКІМСІЗ бұл ҮН Мзльстікі еді, онысымен де қоймай, Алмашты дөрекі түрде қолынан өзіне қарай тартып қалды. Алмаш бойын шалт жиып алды да, ЖҮЗІ сұрланыңқырап, танауы әнтек қусырыла, екі көзі шоқ шашқандай жалт-жұлт етіп, тістене сыбырлады:
—- Мэльс, ақыры шығыспайтын адамдармыз. Жігіт екенсің, дегеніңе жеттің, өтірік емес, әйел еттің. Бірақ, әйелің ете алмайсың. Алдыңда тұрған мына жігіт мейлі оң құлағыңмен есіт, мейлі сол құлағыңмен есіт, мен ҮШІН сенен ЖҮЗ, мың, миллион есе артық! — деді де, көзіндегі келкіген жасты екеумізге көрсетпей, ТҮН қараңғылығына СҮҢГІДІ. Құлағымда маған бұрыла бере: — Ал, құда бала, қош бол! — деген сөзі қалды.
Мэльспен қоштаспастан кері бұрылдым да, үйге тарттым. Санамды Алмаштың ышқына, шырқырай, айғайлай шыққан даусы осқылап, төсегіме өкіре құладым. Таң жа-рығында өз-өзімнен сыбырлап ояндым. Аузымнан ақық жолдар тегіліп жатыр екен:
Жападан-жалғыз қалғанда,
Қападан жүйке талғанда.
Еткенше сені сормаңдай,
Түсер ем отқа ойланбай..
Жүзіңді мұңсыз көрсөмші,
Гұлдерді бірге терсемші,
Бақытсыздығыңды көргенше,
Әдірем қалып өлсемші,
Қара жерге енсемші!
Маңдаиға бақ боп қонсаңшы,
Жаныңда мәңгі болсамшы.
Жаныңда мәңгі болмасам,
Көк жуадай солсамшы! Ол әңгімесін аяқтады. Арамызда аз-кем ҮНСІЗДІК орнады.
— Қазір Алмаш қайда?
— Аудан орталығы болып саналатын шағындау қаладағы тігін фабрикасында бас инженер. Қабен, Ләйла атты ұл-қызы бар. Жұбайын жақсы жігіт деп жұрт мақтайды дейді.
— Өмірден МҮЖІЛІП, еңсесі ҮЗІЛІП кетпей орнын тауып, өсіп-өніп кеткені қандай жақсы болған. Өз отбасың жөнінде айтпайсың ба?
— Шырай деген бәйбіше, Алмаш, Мирас, Медеу деген перзенттеріміз бар.
— «Шыраймен қалай таныстың?» — деген сұрақтың құлағы қылтиғанын сезіп тұрсың ба?
— Ол да бір ұзақ хикая. Оны, сәтін салса, келесі жолы әңгімелеп беремін, — деді Қабен.


«Шымкент келбеті» газетінің
1997-жылғы 31-қазандағы нөмірінде жарияланған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу