Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.07.2021
166
Болыңдар сау-саламат үй мен ішім
Болыңдар сау-саламат үй мен ішім,
Туысқан тілектес бол үлкен - кішің.
"Болды, - деп, - бұл қалайша", — қапаланып,
Оңбасын ешбіріңнің бұған түсің.
Ашпастан ақиқатын аудандық сот,
"Қылды, - деп, - қалайда да қатаң қысым".
Өтініп, облсотқа арыз бердім,
"Жөнде, - деп, - жолдасыңның осы ісін".
Сол сөзім қабылданып қала қойса,
Ұстармын қуаныштың қолға құсын.
Бәрі де осылардың ұмытылып,
Жан болмас жарқын жүзді мендей мүсін.
Ақыры айналып кеп сондай болса,
Сөз қылып не қыламыз ендігісін.
үй ақиқат түрме Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter