Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  1140


Автор: Бағлан Ерғали

Мен бақыттымын

Еш адамнан тұрғаным жоқ асып мен,
Құдығымды өзім қаздым қасықпен..
Өзгелермен тереземді тең ұстап,
Жүріп келем қадамымды басып тең.

Кейде бірақ жығыламын, жылаймын,
Балағымды талағандай құмай-мұң..
Төзіп келем тағдырыма дес бермей,
Сынағы деп маған берген құдайдың.

Қайраттана алға қарай ынтығып,
Бір ғажайып көңілімде үн тұрып..
Самғап келем жыр құсына мінгесіп,
Ақ бөрікті алып шыңға ұмтылып.

Жүргенім жоқ еш адамнан қалып мен,
Менің жәйім сол баяғы қалыппен.
Нөсерлетіп төккендей Күн арайын,
Бақыттымын өлең сүйер халықпен!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу