Өлеңдер ✍️

  17.07.2021
  4447


Сыныптастарыма арнау

Өткен күзде Мейрамбекті әскер қатарына шығарып салып едік,енді бүгін кластасымыз арамызға аман-есен оралды!Аллаға шүкір!Иә,жүзінде қуанышы,кластастарына деген бұла көңілі айтпаса да  жүзінен айқын.Аз ғана отырыстың өзі өз көңілімде ерекше әсер қалдырды.Біреулер сенер,біреулер сенбес,біреу осының жазатыны құр мақтау дейтін шығар!Кім не десе де,о десін!Сол кештен алған әсерімді аз ғана мектеп өмірінде болған ұстаздарымды,кластастарымды еске алуымен түйіндегім келген еді.Көп қалжың класқа түсінікті болғанмен,басқаларға түсініксіз болуы мүмкін!Ойымды жеткізуге тырыстым,бағасын өздерің берерсіңдер))Оқырмандар,кластастар!))


Өткен күндер елесі.........


 


Ең алғашқы бастық қадам мектепке,


Ой алаңсыз.Қуанышты.Күлкі шат.


Қорқыныш бар бойда аздап ептеп те,


Көз алдымда жазулы тұр сол бір шақ.


*


Даярлықтан  бастап едік білімді,


Он үш қызық,он үш мінез не түрлі.


Болдық алғыр шетінен көз күлімді,


Білмеуші едік баға деген екіңді.


*


Бірге келдік,бірге болдық бәріміз,


Бір еді ғой шырқайтын да әніміз.


Асқарменен Исламбек кетіп кластан,


Эльмира апайдан қоштасып қалдық тағы біз.


*


Сонан соң Шынасылдай асыл келді,


Жанары жарқыраған жасын еді.


Анау-мынау қиындыққа мойымадық,


Өрге өрмелеп кластың тасы да   енді.


*


Мектепті Асылан «Меттеп»-дейтін,


Сөйтсе дағы кластан шет кетпейтін.


Апайдан қашып Жеңісбек құтылса да,


Класс біздің ешкімді шеттетпейтін.


*


Шынасыл апайға ең алғаш арбалғанбыз,


 «Оқуға кеттім»дегенге алданғанбыз.


Күйеуге қимай ,апайды,жылап тұрып,


Әлі есімде сол жылы алданған күз.


*


 «Күйеуге кетер» деп ойлаған бұлай кім?!


Класымыз барлығына шыдайтын.


Эльвира апай керемет ұстаз,бірақта,


Сол апайдың « сағыз үрлегені»ұнайтын.


*


Беске келдік қылығымыз бес түрлі,


Бастауыш күн өткендей боп бес күнгі.


Саягүл апай жетекшілік еткен соң,


Етек жиып,бізге енді ес кірді.


*


Ұлдар қойған атақты атым болды,


Даңқтылары ішінде басым болды.


Америка,Индия қыздарымен,


Шетелдік футболистер жақын болды.


*


Жақсылық Асылзатты  «ботқа»дейтін,


Көргендей-ақ,соғады ботқа кейпін.


Басқалары өзінше көмектесіп,


Даналары май құйма отқа дейтін.


*


Әзілдердің табатұғын ісін ептеп,


Биологияда нелер көп склет көп.


Ең алғашқа сыныпқа қаңқа келген кезде,


Ұлдар мені мазақтайтын «склет»деп.


*


Осылайша қыз жігіт боп әдемі,


Қыз жігіттен,жігіт қыздан дәмелі.


Сегіз оқып, қыздарға арнап хат жазу,


Сол кездегі біздің ұлдардың сәні еді.


*


Асан кетті тоғыздан он боп қалдық,


МАБ-ты ойлап уайымдап,өліп-талдық.


Десек те  жерге біраз жетіппіз-ау,


Сөйтіп,жүріп он ға да келіп қалдық.


*


Әйтеуір,сөйте-сөйте он бір болды,


Уайымнан көңілге әбден кірбің толды.


ҰБТ-дан ел-жұртпен қатар өтіп,


Бастадық студенттік өмір жолды.


*


Алдымен Жаратқанға табынамыз,


Маңдайға жазғанына бағынамыз.


Ертеде «95тер болыпты-ау» деп,


Тарих боп талай-талай жазыламыз!


Өмір жолдарыңа сәттілік!!!


Ыстық ықласпен кластастарың:Арай Амантай Абзалқызы.


27.10.15.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Бауыржан
Бауыржан 29.08.2022 11:26
Откан шак

Пікір жазу