16.07.2021
  362


Автор: Асаба (тамада)

Ауа туралы сөз

Бір күні ауылдын қарапайым жігіті қалаға қонаққа барады. Қалада ол өзінін құрбыластарымен бір дастарханда бас қосады. Қонақ болып отырып ол қалалық жастардың қимыл әрекеттерін байқап отырады. Сөйтсе қаланын жастары тост айтқасын бір бірімен столда қолдары жеткен адамдармен ғана ыдыстарымен тоғыстырады екен, ал қолдары жетпеген дастархандастарымен ыдыстарын көтеріп: «Воздушый! Воздушный!» - деп ғана қояды екен.
«Ойпырмай! Бұл бір жақсы әдет екен ғой. Ауылға барсам айту керек екен»- деп ол іштей тұжырымға келеді.
Бір сәті түсіп ауылға барып бір туған күн кешінде ол өзінін ауыл құрдастарымен дастарханда бас қосады. Сыныптасынын біреуі тост айтып жұрттын бәрі ыдыстарын соғыстырайын деп жатқан сәтте қаладн келген жігіт былай дейді:
- Тоқтандар! Мен жуырда қалада болдым. Ол жақта жастар дастархан үстінде өте мәдениетті отырады екен. Мысалыға: қонақ тост айтқасын, жұрттын бәрі қолдары жететін жерге ғана ыдыстарымен соғыстырады. Бізде болса дастархандасына қолын жетпесе, салаттардың, тамақтардың үстіне жатып алып қолымызды созып міндетті түрде бір біріміздің ыдыстарымызбен соғыстыруды әдеттке айналдырғанбыз. Ал қалада болса бәрі мәдениетті: олар дастарханда қолы жетпейтің адамға қолын көтереді де орысша бір сөзді айтады да сусындарын алып қояды.
- Мынауын тамаша екен! Ол қандай сөз? – деп достары сұрақ қояды.
- Есіме түспей, ұмытып қалғанымды қарашы ол сөзді ............ Әйтеуір бір аумен байланысты сөз.
Әлгі жігіт еш сол сөзді еске түсіре алмайды, жұрттың бәрі білетін создерін айтып ұсынып жатыр. Жарты сағаттан соң:
- Аааааа! Есіме түсті: «Сквозняк!, Сквозняк!» - депті ол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу