Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2021
163
Шамдай бол түн пердесін ашатұғын
Шамдай бол, түн пердесін ашатұғын,
Жердей бол, бар мақұлық басатұғын.
Басыңа бақыт қонып, дәулет бітсе,
Жан-жаққа дариядай бол тасатұғын.
Халыққа қай уақытта қамқор болып,
Тудай бол, тұра дұшпан қашатұғын.
Үйреніп өнер, ғылым бол адамдай,
Айнала әтір суын шашатұғын.
Күтініп кеуіліңе болып отыр,
Керуендей күні ертең асатұғын.
Түн шам насихат Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter