Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2021
167
Жігітте жұртты жеген күй болмайды
Жігітте жұртты жеген күй болмайды,
Шортанда шабақ жеген ми болмайды.
Ащыны тұщыменен тату керек,
Теріде тоқпақ жемей, ін болмайды.
Бір "шыж-быж" мың "сіз - бізден" болады артық,
Қолды қу қусырғанмен, сый болмайды.
Болмаса алдында — аға, артында — іні,
Болғанмен ер туымды, би болмайды.
Дүниеде әр нәрсеге себеп керек,
Ағаштан бұтағы жоқ үй болмайды.
Қой, түйе қаптап қанша шарлағанмен,
Құба доң Құдай үйген қи болмайды.
жігіт жұрт күй Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter