Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2021
172
Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың
Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың,
Боғыңды бұзық болсаң, уыстарсың.
Жамандық жақын түгіл, жатқа ойлама,
Өзіңмен о басында туысқансың.
Жатсаң да жардай құлап, жаны ашымас,
Көңілі көптің сенен суысқансың.
Болыңдар бір-біріңнің тілегінде,
Бірлікке белдеріңді буысқансың.
Алынбай алдарыңнан аң кетпейді,
Топтанып тұс-тұсынан қуысқансың.
Сөздерің сөйлейтұғын осы болсын,
Таңертең тұрып бет, қол жуысқансың.
Десеңдер, бақ басыма баяндасын,
Қоңсы үшін қарындарың қуыс қалсын.
бақ бірлік ту Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter