Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2021
185
Жігіт жарастығы
Жігіттің жарастығы жан барында,
Дос сыйлау, дастарханда нан барында.
Тұтынып үлкенді — аға, кішіні — іні,
Отыру қатарының қамдарында.
Есітіп үгіт - уағыз ұлықтардан,
Мекендеу медресенің маңдарында.
Өмірін бұл тәртіппен бітіргендер
Қайғының қала қоймас шандарында.
Ойына осыларды түсірер ер
Бақ, дәулет, ықпал, ырыс аңдарында.
жігіт жарастық өмір Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter