Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2021
181
Анама екінші хат
Қалмадым бірге жаныңда
Болмадым сенің ермегің.
Шаршап бір жүрген шағыңда
Дайындап сусын бермедім.
Ауырып көп түн қиналдың
Қасыңда тағы болмадым.
Алыстан қатты сыйладым,
Алыстан хаттар жолдадым.
Сен үшін білем тым ауыр,
Көп көштің кеттім ішінде.
Мен үшін аз ғой бір ауыл,
Сөкпеші, мені түсін де.
Өмірім сенен мүлде өзге,
Жолдарды тану көп керек.
Қинама мені бұл кезде,
Қинама «алыс кетпе» деп.
Биіктік болса қаларым,
Төменді маған ұсынба.
Құстар да балапандарын
Баулиды биік ұшуға.
ана екінші хат хат Ақұштап Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгереева шығармашылығы Ақұштап Бақтыгереева өлеңдері анаға хат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter