Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2021
136
Қос шумақ
Мерзімін уәделі істің кешіктіріп,
Мезгілсіз мазалама, есікті ұрып.
Айналса болмас па еді азаматтан,
Айтарын бір-ақ айтар, кесіп тұрып.
Жүргем жоқ төбелес, не ұрыс тілеп,
Жұмыс бер! Жігітпін ғой құрыш білек.
Арманның асқарына алып шығар,
Адамды әр уақытта дұрыс тілек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter