Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2021
188

Май самалы
Мамырда - майда самал еркелеген,
Табиғат тамылжиды ертеменен.
Мамырда - мамыражай Жер-Ана да,
Мамырда сезім бар ма селдемеген.
Сілкінген тұр байқадым тіршіліктен,
Қашан да күлімдеген жүрші үмітпен.
Қарашы, сызылуын май күнінің,
Бұлбұл құс сайрап тұр ма жыршы күткен?..
Жеп-жеңіл желпіп өтсе май самалы,
Көңілің жастық шақтың айтады әнін.
Жағалап жүріп қайтсаң Жайық жақты,
Астан-кестең көңілің жай табады.
***
Аппақ таңдар арайлап,
Гүл атады қызыл тал.
Жайық жаққа қарайлап,
Ән салды ару сызылта.
Алыстап ән үзілді,
Самал есті ғайыптан.
Ал құрбылар тізілді
Жағадағы қайыққа.
май Самал табиғат Ақмаржан Таубаева Ақмаржан Таубаева шығармашылығы Ақмаржан Таубаева өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇