Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  152


Айсұлу Рүстемова‎

Сен кеткен жолға қараймын

Өмірдің жолы сан тарап,
Осыған мен бе кінәлі?
Көңілім менің шаңқан-ақ,
Ал түбі немен тынады?
Өкпелеп кеттің бәлкім сен,
Мүмкін ғой жанды ұқпауым.
Ойладың ба екен артын сен
Көңілімде менің дық барын.
Жатырсың ба екен осы шақ
Жаныңды жуып жаңбырың?
Мен болсам әнге қосып ап
Отырмын сені жан гүлім.
...Сен кеткен жолға қараймын,
жүректі жасым тілгілеп.
Жанарға сендік арайлы
Жыр болып тұнғым тұрды кеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу