Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2021
145
Отан - ана
Көздерімдей көлдерін мұң басқан.
Жапырағы желімен, даламен сырласқан.
Мүлгіп жатқан кеңістік, үнсіздік.
Туған ел. Не айтады түнгі аспан?
Бейіт жақта байғыз бар, қамығып
Үн шықты. Кетті ме ол да жалығып?
Бекет бойы бағана. Жолсерік
Жолығады жылда алғаш. Сарылып
Сағынышым нуында, суында.
Сарытаудың ән қарсы алды құмында.
Бейіттері қазақтың. Қуат ала бастайсың
Құдірет бар туған жерде шынында...
Отырасың елді көріп, торығып,
Көңілің бе - баса алмайды солығын.
Үш күн жүрем даласымен қазақтың,
Ал, арманым - қоңыр үнге жолығу!
отан ана туған ел Айсұлу Рүстемова Айсұлу Рүстемова шығармашылығы Айсұлу Рүстемова өлеңдері отан ана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter