Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2021
396
МЕНІҢ КӨКТЕМІМ
Көктем! Көктем! Табиғаттың қыз кезі
Он алты мен он жетінің арасы ол.
Міні іздесең – іздеші
Көктемдердің құшағынан ғана сол!
Бантиктерін желкілдетіп самал сәл,
Жасыл шәйі көйлегі де дірілдеп,
Уа, жұрт, әне қараңдар,
Көктем маған келе жатыр күлімдеп.
Ақ маңдайлар жарқ-жарқ етіп өткенде
Көк толып кетеді ғой көктемге
Жан кіреді шөптерге
Ақ пернелер сәуір күйіп төккенде.
Мың-мың жұлдыз көктен жерге көшкенде
Ол да, мен де баққа қарай асығам
Осынау айлы кештерде
Көктемімнің сүйем қара шашынан.
Биле, көктем! Жырла, көктем! Бұл көрік
Тұра берер дейсің сәулем, қашанғы...
Иә... бәрібір қыс келіп,
Сені ертең-ақ менен алып қашады...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter