Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  135


Айсұлу Рүстемова‎

1995 жыл

Жұрт ұйқыда,
Қалың ұйқы құшағы.
Сағат тық-тық,
өтіп болмас, үш әлі.
Өрекпіген
Көңіліме су сеуіп
Әлдебір ой
Қиялымды тұсады.
Құрастыру,
Сөгілу мен қақырау.
Қирап сәлден
Шыға келу, шатынау.
Бүтін нәрсе
Іздеп едім өмірден,
Аспан түпсіз,
Көре алмадым , апыр-ау.
Қайғы келіп,
Шалғынымды таптадың.
Өзім ғана
ұғынатын шатпағым.
Қай бетіммен
Ақ қағазға түсірем,
Қара күйе
Қабырғама батқанын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу