Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2021
434

Ләйлім
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ?
Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап.
Жел тимесе жан тимес деп жүргенде,
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.
Аққу едің таранған айдындағы,
Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы.
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,
Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы.
Осылай ма еді, ей, қалқа,айтқан сертің,
Жүрегімді жандырды ғашық дертің!
Мұнша неге сен мені әуреледің,
Болмаған соң әуелде баста еркің?!
Ләйлім халық әні Ақан Сері Қорамсаұлы Ақан Сері Қорамсаұлы шығармашылығы Ақан Сері Қорамсаұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter