Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2021
200
Алтыбасар
Ей, қалқа, жан туған жоқ сенен асар,
Бұл түнде кетіп сәулем, халім нашар.
Айрылып сенен, сәулем, қайтқан түні,
Әніне бір басайын, Алтыбасар.
Ей, қалқа, жүруші едің күліп-ойнай,
Ойнаушы ең өзің тиіп ерікке қоймай.
Жігіттер жалған жардан үміттенбе,
Кететін басқаменен сертте тұрмай.
Келуші ем кеш болғанда көңілім түсіп,
Ежелден қадырлестік бірге өсіп.
Астынан ақсаңлақтың аттандырып,
Қалушы ең қолды қысып, есендесіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter