Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2021
363
Сүйген қалқа
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің?
Қалқаның бес мың теңге бір басында,
Восемьсот три тысяч сырғасында.
Ақ меруерт, асылзада бекзат қалам,
Мен сенің жараймын ғой жолдасыңа.
Серінің қолқасы бар бір басыңда,
Күн сәулең елес беріп тұр қасымда.
Өмірің өткіншедей өте шығар,
Қызықты көре алмасаң дер жасыңда.
Кім кепіл өмір гүлі сынбасына,
Саяда тұрса - дағы шың басында.
Армансыз жас шағыңда өткізіп қал,
Мен кепіл өмір өтпей тұрмасына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter