Өлеңдер ✍️

  11.07.2021
  373


Автор: Ақан Сері

Заманға қарап

Болғандай мұндай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз.
Үйренген халықпыз ғой шегіншекке,
Кәсіпсіз сахарада еріншекке.
Байлар жүр малын күйсеп, малын айдап,
Ұйқымен өмірі өтіп тектен - текке.
Жай жату тек бүгінгі жанның қамы,
Қаперсіз сөз жейтұғын малдың қамы.
Өзді - өзін талап жеген әлі жетсе,
Қайуан сахарада аңның қамы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу