Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2021
276
Құлсары
Орбитаға ұшырған,
Аспанымсың, Құлсары.
Ақ ниетiн ұсынған,
Достарымсың, Құлсары.
Менiң тәттi балдырған,
Жас шағымсың, Құлсары.
Кеудеме арман жандырған,
Аңсарымсың, Құлсары.
Небiр хат-сыр салынған,
Жәшiгiмсiң, Құлсары.
Жетсем-ау деп сағынған,
Ғашығымсың, Құлсары.
Ақыл берiп қайтарар,
Данамсың сен, Құлсары.
Көңiлiм балқып жай табар,
Анамсың сен, Құлсары.
О, Құлсары, Құлсары,
Жанның сәнi, жыр сәнi.
Би билеп жүр көшеңде,
Жастығымның нұр шағы.
Қасиетiң мол сенiң,
Жанға қуат, дәрi-бал.
Маған қажет нәрсенiң,
Сенде, сенде бәрi бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter