Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  224


Автор: Айтуар Өтегенов

Мен соғыстың қара түнек, кескінін

Мен соғыстың қара түнек, кескінін,
Есейген соң, тек әкемнен естідім.
Винтовкасын кезеніп жас жауынгер,
Оқ пен оттың арасында кешті күн.
Мен соғыстың қара түнек, кескінін,
Есейген соң, тек анамнан естідім.
Ауылдағы жарын күткен жас қыздың.
Кек аралас жанарынан есті мұң.
Балада да, анада да бір тілек,
Жүріпті олар, жеңіс тілеп, нұр тілеп.
Мен бірінде көргенім жоқ солардың,
Өсіп келем бейбіт күнмен бір түлеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу