Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2021
181
Олар әлі күтеді
Онда өртеніп бататын күн алқызыл,
Талай жанға соғыс сөнбес салды ізін.
Әлі күтіп, әлі күтіп жүр ана,
Сол майданнан оралмаған жалғызын.
Соғыс деген, соғыс деген жат есім,
Соғыс десе бір түршігіп кетесің.
Әлі күтіп, әлі күтіп жүр жігіт,
Сол майданнан оралмаған әкесін.
Кетеді әсте көңіл шерін қозғап дәл,
Сол майданнан оралмаған боздақтар.
Небір жаңа тарихтың бетіне,
Сол боздақтар, ұмытылмас жазды аттар.
Қалың тұман баспау үшін үй үстін,
«Ұрпақтарым, деп, алаңсыз сүйіссін»,
Сол ерлердің жарқын таңын жан қиған,
Сен, жауынгер, күзетуге тиіссің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter