Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  150


Автор: Айтуар Өтегенов

Сұлулық

– Сұлулық –
Дүниені ұстап тұр,–
Деп едім.
Астына алды ол қыспақтың:
– Казинода сатылатын салдақы
Сол сұлуды құшпақ кім?
Келдідағы одан әрі талдағым:
– Дүниені ұстап тұрған
Сонда кім,
Сұлулыққа құмартқан,
Қайда қалмақ арманым?–
Дедім тағы.
– Дүниені ұстап тұрған –
Өсектер,
Өсек болып торын құрған–
Есептер.
Есеппенен айналады Жер шары,
Түкте емес сұлулыққа аңсарың.–
Дегені.
...Өмір сенің тылсымың
Неткен көп еді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу