Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2021
166
Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына
Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына,
Сенбес едім жүрегім мұздарына.
Мен ғашықпын – өр тұлға ұлдарыңа,
Мен ғашықпын қыпша бел қыздарыңа.
Жүземін де, көп сырға қанамын не,
Оранса ақ сәулеге дала мүлде.
Мен ғашықпын – ақ боран қуатына,
Мен ғашықпын – хош иіс лала гүлге.
Сары аязды үскірік қыста мына,
Орап алам жүрегім ыстығына.
Ғашық болсын дәл мендей
Ғашық болмау,
Жастар үшін кешілмес күшті күнә.
Жүрек жатыр кеудемді өртеп менің,
Ол өзі сүйер білер тентек керім.
Бұл жүрекпен сен үшін, аяулы Отан,
Жанымды да қиюға серт еткенмін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter