Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  154


Автор: Айтуар Өтегенов

Шаганэ, менің Шаганэм!

Шаганэ, менің Шаганэм!
Айтуға жырдың қандайын,
Далалық жанмен мен дайын.
Елімде тербер ән дәйім,
Шаганэ, менің Шаганэм!
Солтүстік жақтың ұлымын,
Желпіген самал тұлымын.
Бермеймін Рязань сый-назын,
Болса да сұлу Ширазың.
Даламнан алған жирен түс,
Егін, шашымды тербеймін.
Қолыңмен сипа, өр мейлің,
Өзіңнен өзге көрмеймін.
Толқындаған егін жайды ай асты,
Менің бұйра шаштарымнан ұғын, біл.
Әзіліммен орап жатам, бүгін күл,
Оятпашы елестерін сонау күннің бұлыңғыр.
Толқынданған егін жайды ай асты.
Шаганэжан, жаным менің Шаганэм,
Арнағандай саған ән,
Арнағанмын бір қызға.
Ойлайтыны мен болармын тым қызба...
Шаганэжан, жаным менің Шаганэм!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу