Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2021
175
Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым
Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым,
Саған деген сағынышым тарқасын.
Мен қасыңда келе жатқан жоқпын ба,
Неден жаным, қорқасың?
Мен сен үшін шыға аламын майданға,
Мен сені іздеп таба аламын қайдан да.
«Сүйем деші...»
Ұяласың сен неден,
Аспандағы айдан ба?
Тұрсың қазір малынып кеп арайға,
Тек өтінем, ұялмашы, жарай ма?
Тек өтінем, қиялдашы, жарай ма?
Зерлі аспанда жымыңдаған жұлдыздар,
Куә болған талайға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter