Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  191


Автор: Айтуар Өтегенов

Адам сырын мен көзден-ақ түсінем

Адам сырын мен көзден-ақ түсінем,
Күлім көздер отыр небір жәудіреп.
Осы кеште сол көздердің ішінен,
Ықыласым біреуіне ауды көп.
Тапқан жоқпын шығатұғын жол әлі,
Шарықтайды көк аспанды ой талмай.
Ол да отыр жалт-жұлт етіп жанары,
Атайын деп, бір нәзік сыр айта алмай.
Қанша ділмар, қанша шешен болсаң да,
Махаббатта айтылар сөз, тіл басқа.
Отың болып, маздап келіп жансаң да,
Қандай қиын балаң сезім алғашқы, ә?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу