Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2021
167

Бұл табиғат
Бұл табиғат:
Шуағынан от алатын,
Біреуге жүрек берген.
Тауды да қопаратын,
Біреуге білек берген.
Жарақты қол бастайтын,
Біреуді көсем қылған.
Әр сөзі алмастай тым,
Біреуді шешен қылған.
Қадірлеп күтпесе де,
Біреуге көрік берген.
Ой-ақыл бітпесе де,
Біреуге желік берген.
Бұзылмай шырын гүлі,
Бақыт боп жолықтырып.
Адамдар бірін-бірі,
Жүреді толықтырып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇