Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2021
155
Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау
Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау,
Бұғалықты сүйретсе.
Бұрқырап кеп көк шалғынға құласа-ау,
Қарғып мініп жылқышы,
Бас білдіріп үйретсе.
Тақымында ойнақтатса, билетсе –
Дала қаным тулайды.
Алқа топта шырқап тұрып бір жігіт,
Домбырамен жыр ессе.
Қолпаштаса оны өзгелер дүрлігіп,
Сосын шығып күрессе.
Өшіргендей бәстесінің ай-күнін,
Бас жүлдесін алып жатса бәйгінің,
Дала қаным тулайды.
Шауып шығып, жолаушыны соқпаған,
Намысымен азаматтық, кісілік.
Жатқан болса өз үйіне түсіріп.
Құдайындай сыйлап әлгі қонағын,
Айтып жатса өкпе-назын, талабын.
Дала қаным тулайды.
Ал далада отсыз адам тумайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter