Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  174


Автор: Айтуар Өтегенов

Май таңы-ай!

Шіркін, әсем май таңы-ай,
Гүлге оранған, әне, қыр.
Көктем сайын қайталай,
Жасау құрар дала бұл.
Жарқыраған самала,
Өнері мол біз күткен.
Қалаға емес, далаға,
Құмартады қыз біткен.
Татып алма аузыңа,
Ішімдіктен қаш мейлі.
Қызыққан гүл қауызына,
Бір сені
Бәрібір жұрт мас дейді,
Мас дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу