Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2021
204
Шақырамын
Мен бүгін ерекшемін, өзгешемін,
Басқаны шаттанудан сезбес едім.
Асыл дос!
Бірге болшы меніменен,
Мен бүгін жиырма жаспен кездесемін.
Дәл бүгін домбырадан күй төгілсін,
Дәл бүгін жүрегімнен сый төгілсін.
Асыл дос!
Бірге болшы біздің үйде,
Көмейден ән төгілсін, би төгілсін.
Кеудемнен қиял деген қақты кептер,
Мендегі нұрлы өмірге бақ тілеп бер.
Асыл дос!
Бірге болшы меніменен,
Айтылсын, ақтарылсын ақ тілектер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter