Өлеңдер ✍️
Адыраспан
“Ассаламағалейкум, адыраспан,
Менi сiзге жiбердi Омар-Оспан”.
Денi сауға шөңгесiң қадiрi жоқ,
Ал ауруға дәрiсiң қадiрi асқан.
Ал ауруға дәрiсiң қадiрi асқан,
Жаралылар жарқылдап жадырасқан.
Нусыз жерде өсетiн, сусыз жерде,
Неткен шөпсiң, киелi адыраспан.
Өмiр-дария толқынын жүзiп көрген,
Бiлер сырды тұратын үзiктерден.
Көктем едi сол жылы бала қызға,
Сенен моншақ әдемi тiзiп бергем.
Жiгiт болсаң өмiрден қасқиып өт,
Жас болсақ та әр iске тас түйiн ек.
Тағы бiрде, иә, иә, тағы бiрде,
Дедiм: - Кәке, мынаны таспих ет!-
Арманыңды алыстан iзде, балам,
Не нәрсе де пiседi күзде, балам.
Адыраспан киелi,- дедi кәкем,
-Киелiнi орынсыз үзбе, балам...
Толып тұрсын Үстiрттiң даласында,
Әр түрлi ой бар әркiмнiң санасында.
Бiр сен ғана дәрусiң, адыраспан,
Апатты аймақ даламның жарасына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter