Өлеңдер ✍️

  08.07.2021
  207


Автор: Айтуар Өтегенов

Құлпытас жанындағы толғаныс

Қандай қиын ұл болмай оты молдау,
Құл болып жазмышқа тiс батыра алмау.
Кiмге керек жай кезде бiлгiшсiнiп,
Едiреңдеу,Шолтаңдау,Одыраңдау.
Қандай қиын (қалтада диплом бар)
Құлпытастан тарихты оқи алмау,
Оқи алмау, зердеге тоқи алмау...
Сыйпаймын араб әрпiн бар болғаны,
“Осында, – деп,- бабамның арман-бағы”.
Төбе астында көмiлiп қорғандары,
Белгiсiз боп лапылдап жанғандары,
Белгiсiз боп ашыққан, тоңғандары,
Белгiсiз боп тойлаған, толғанғаны.
Соның бәрiн аршитын төбе астынан,
Сиқым мынау адасқан жолаушыдай
Ормандағы.
Сан ғасыр тұр арада ошақ басқа,
Уақыт – сырға жұқпайды тосат босқа.
Сол тосаттан тазалап алыңдар – деп,
Кетсе бабам жырларын қашап тасқа –
Қасиет қой!
Сол қасиет құпиясын ұға алмаған,
Қасiрет қой, замандас, қасiрет қой!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу