Өлеңдер ✍️

  07.07.2021
  237


Автор: Тұрсынай Оразбаева

ТАҒЫ ДА АНА ТУРАЛЫ

1.

Батырға да Ана қуат деседі,
Анаң барда мамық болар төсегің.
Өзге кешпес қатеңді де, кінәңді,
Анаң ғана ұмытады, кешеді.

Перзентіне тисе екен деп көмегі,
Азабыңа, тозағыңа көнеді.
Қимас достар түңілгенде сырт беріп,
Анаң ғана үміт үзбей сенеді.

Дос-жаран да бәлкім, көзге мақтайды,
Бәлкім, жарың сайтан жолға аттайды.
Саған деген жақсы көру сезімін,
Анаң ғана өле-өлгенше сақтайды.

Күндерінің ақ бораны, түтегі,
Сені көрген сәтте-ақ ұмыт,бітеді.
Ең, ең шексіз сағынышпен тірлікте,
Анаң ғана өле-өлгенше күтеді.

2.

Ерлік деймін не көрсең де төзгенің.
Ұрпақ үні үзілмеуін көздедің.
Батырды да, дананы да, патшаны,
Бұл өмірге келтіретін өздерің.

Тағдырыңның жеңіп талай ызғарын,
Тойға арналды дастарханың – тұз-дәмің.
Бар әлемнің тыныштығын тербеткен,
Беу, Аналар, жасай берсін ізгі әнің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу