Шығармалар ✍️
Абай қазақтың бас дәрігері
Абай рухына бір фатиха үш ықылас оқып, бір Алланың атымен бастаймын!
Адам тәніндегі ауруды доқтыр емдесе, жанындағы ауруды Абай сияқты үлкен тұлғалар емдейді. Алла тағала: жердің тепе-теңдігін ұстау үшін тауларды жараттым дейді. Таулар жерге қазық болып қағылған. Ал енді рухани ішкі мәнге үңілсек Ұлы Алла Тағала адамдар тепе-теңдігін ұстау үшін пайғамбарлар одан соң, әулиелер, одан соң бағытын Құран мен сүннеттен алған ойшылдар жіберген. Әйтсе, Абай елге қазық, рухани азық.
Абай №1 сөзінде: Жер ортасы жасқа келдім, қажыдық, жалықтық. Қылып жүрген ісіміздің баянсыз, байлаусызын көрдік. Қоршылық екенін білдік деп басайды.
Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым.
Өзіме өзім жақпадым, Енді қайда сыя алдым?
Қалап алған көп мінез, Қалайша қылып тыя алдым?
Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға, Апандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен, Тәңірім салған наз емес.
Осынша ақымақ болғаным Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды Меруерттей тізіппін.
Жалмауыздай жалаңдап, Ар, ұяттан күсіппін.
Қулық пенен сұмдыққа Құладындай ұшыппын;
"Сіз білесіз" дегенге Күнге күйіп, пісігшін;
Мақтанбасқа мақтанып, Деп жүріппін "пысықпын".
Сыршыл да терең ақын Абай осылай өлмей тұрып өледі, өзін есепке тартады. №2 сөзінде ойшыл өз ұлтын басқалармен салғастырады. Айнадан адам өзі кемістігін көргендей бадырайта жазады. Шындықтың бетіне тура қарайды. №3 сөзінде қазақтың біріне бірінің қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтіндігін, қызметке таласқыш, өздерінің жалқау болатындығын айтып, қазақтың жан ауруын дәп басады. Сол асқынған дерттің емі жалқаулықтан тиылу дейді.
№5 сөзінде Абай: Қазақтардың «А, Құдай жас баладай қайғысыз қыла көр» деп тілек тілегенін өзім көрдім дейді. Онысы өздерін жас баладан есті етіп, қайғылы кісі болғансиды. Қайғысы не десең? Оны мақалдарынан танисың:«түстік өмірің болса күнде мал жи», «өзіңде жоқ болса, әкеңде жат», «мал-адамның бауыр еті», «малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», «ер азығы мен бөрі азығы жолда», « ердің малы елде, еріккенде қолда», «берген перде бұзар», «алаған қолым береген», «мал тапқан ердің жазығы жоқ», «байдан үмітсіз, Құдайдан үмітсіз», «қарның ашса, қаралаы үйге шап», «қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр. Бұл мақалдардан не шықты? Мағұлым болды: Қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Бірақ малды қалай табуды білмейді екен. Бар білгені малдыларды алдап, мақтап, бермесе онымен жауласпақ екен. Малды болса әкесімен де жауласуды да ұят көрмейді екен.Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшлік, соған ұқсаған қайсысын болсада қылып, мал тапса жазалы демесек керек екен. Жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтың отынан қорықпайды екен. Деп бас дәрігер Абай қатты ашынады. №6 сөзінде Абай қазатың малға жасаған бірлігін айтады. Ақылға бірлік болмаса ол қандай бірлік деп сынайды. Емі: Өзің тірі болсаңда, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Дейді Абай.
№7 сөзінде ойшыл Қазақ жанына үңіледі. Жанды тәнге бас ұрдырған, біздің өлі хәлімізге ашынады. Көкіркте сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ, құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық дейді. Осы күнде хайуаннан да жамнбыз, хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, бізде белеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда өлер-тірілерімізді білмей күре тамырымыз адырайып кетеді.
№8 сөзіде ойшыл қазақа ақыл-насихат тыңдайтын адам жоқ. Ауырып тұрсада емделмейтініне ашынады.
№9 сөзінде осы мен қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? деп бастайды. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ, бұлардың бәрі де жоқ. Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба. Өзіме, өзім ызыа болғаннан ба, яки бөтен себептен бе, білмеймін. Сыртым сау болсада ішім өліп қалыпты.... сөйлегенім өз сөзім емес, бәрі әлде кімдікі. Деп ақын өз туған халқы туралы монолог оқиды. Басқа жаққа көшіп кетуге енді күш жоқ деп түңіледі.
№ 10 сөзінде ойшыл өзінің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге неге сонша құмар болдың деп, ата-ананың бала тәрбиесіне жауапты екенін, адам баласына дүние емес, жақсы тәрибе беруі тиіс дейді. Малың болса ғылым тап, ақрет үшін ғылым керек деп, Алла алданды құлшылықты сауатты жасауға шақырады.
№ 11 сөзінде қазақтың екі індетін атайды. Бірі ұрлық, бірі жемқорлық. Ұры ұрлықпен мал табам десе, бай тағы байысам деп әлек. Ал ұлық алып берем деп даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлығыңды ашам десе, енді бірі ойда жоқ пәлені есіне салып, ақыл айтып мал таппақ. Ұрыны түзеуге болады, бірақ бұзақыға ерген, азған байды кім тияды? Деп толғайды Абай.
№12 сөзінде ғибадаттан тиуға аузымыз бармайды. Лакин, сондай адамдар толымды ғибадат жасауға білімі жетпесе де қылса екен. Әуелі мықты сенім болу керек. Екінші үйреніп жеткенше осы да болады демей, үйренсе керек. Құлшылыққа жеңіл қаруға, салғырыт болуға болмайды дейді абыз атамыз.
№13 сөзінде ақылмен Алланы тануға шақырады. Иман деген қалағаныңша өзгертетін нәрсе емес. Берік, тұрақты, шын иманды болуға шақырады. Ол үшін білім керек дейді.
№14 сөзінде қазақың жүректі кісі дегені батыр дегені. Жүркетің мейірбандық, рақымдылық, өзіне тілеген жақсылықты әрбір адам баласына тілей алатын бауырмалдық... міне жүрек ісі. Қазақтың мықты жігіт дегені пәлеге, жаманшылыққа үйір болады. Оны еліртіп алдыға айдап салады дейді, ол мықты да артын ойламай алға шығады. Жәйшылықта бойын жиып ала алмаған адам, өзін бір де болса, тексермеген адам тәуір түгіл адам ба өзі деп, дарақылықты дәл атайды.
№15 сөзінде ақылды кісі болғың келсе күніне, болмаса жұмасына, не айына өзіңнен бір есеп ал дейді бас ойшыл.
№18 сөзінде адам баласы өзгеден ақыл, ғылым, ар, мінезбен озады деп ой түйеді. Дәулетіңе қарай киім ки, жалған атақ, мақтан ол ақымақтық дейді.
№21 сөзінде мақтан мен «үлкендіке» талдау жасайды.
№ 22 сөзінде ұры, залым, қуларға жем болған момын байларға жаны ашиды.
№23 сөзінде ойшыл қазақтың екі кеселін айтады. Бір адамның жасамаған жамандығы шықса қуанады. Көппен бірге көрген ұлы той дегенді малданады.
№24 сөзінде қазақтың бірін бірі аңдып, кірпік қақпай отырғанына таң қалады. Қазақтың іштарлық ауруын айтады.
№25 сөзінде барыңды салып орыстың ғылымын оқыт, бұл мал қимайтын жол емес. Ұлтты білім құтқарады, надандықтан қаш дейді.
№ 26 сөзінде қазақтың болмасқа мақтанатын айтып, сонымен басқаны ызаландрағаны ақымақтық дейді. Ұлтымыздың ойлауын өзгеруге шақырады.
№29 сөзінде қазақтың қисық мақалын сынайды: «арлы болсаң, жарлы болма», «қалауын тапсаң, қар жанар», «атың шықпаса жер өрте», « алтын көрсе періште жолдан таяды», «ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті».
№30 сөзінде қырттықты сынайды. Ұялмас бетке талмас жақ береді деп түйрейді.
№33 сөзінде қазақтың жалқаулық кеселі мен аңғал, мақтаншақтығын айтып, істеген кәсібін дамытуға шақырады.
№ 24 сөзінде ойшыл Өлім ақиқат деп бастап, Алланың(таухит) бірлігін айтады. Иманмен ойнауға болмайтынын ескертеді.
№36 сөзінде ұяты жоғалған ұлтына күйінеді.
№39 сөзінде ойшыл қазақтың екі жақсы мінезін айтады. Ол ру басына бойсұну. Екіншісі намсқойлық дейді. Алайда бүгінде сол жоғалды.
№40 сөзінде ойшыл қазатың 21 ауруын жеке-жеке атап өтеді.
№41 сөзінде қазақты түзеймін деген адамда не билік, не байлық болу керек деп түйеді. Ғылымға балларын беруді айтады.
№42 сөзінде қазақтың жаманшылыққа үйір болуы жұмыссыздық дейді.
№43 сөзінде қазатың талабына, арманына талдау жасайды. Әр сөзді ауызға Алла салады, ойшылдың әр сөзі біз үшін шипа. Ұлы үшін күйіп жанады....
Адам Ата(а.с)ды Алла Тағала жаратқанда адамға жан салып, екі түрлі рух үрледі. Бірі рух-и хайуани, бұл Алла Тағаланың (Жәлал) сипатының араласуымен жаратылған. Екіншісі рух-сұлтани. Ол да Алланың көркем( Жамал) сипатымен жаратылған Адами (сафиа) сипат. Адам денесіндегі осы екі рухтың да өз шейхулисламдары бар. Дене де өз үстемдігін солар арқылы жүргізеді. Рух-хайуанидың ақыл кеңесшісі шайтан. Сонымен кеңеседі. Рух-сұлтанидың кеңесшісі періште. Ол сонмен ақылдасады. Рух-хайуани үнемі ішіп-жеу, артық әдемі киіну, қызыққа белшесінен бату... тек жамандыққа шақырып, соны жасауға ерекше күш береді, айласы сан түрлі болады, бұл күш нәфіс деп аталады. Солай рухи-сұлтаниды жеңіп отырады. Ал рух сұлтанидың қалайтыны Жараушысын зікір ету, ғибадат, құлшылық жасау, Алланың әміріне бағынып, тиымдарынан қашу, үнемі бойсұнған хәлде болу. Осылай рух-хайуанидан басым түседі. Демек, адам тәні қашанда екі патшалықтың таусылмас күрес майданы.... Абай соны біліп айтып отыр...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter