Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  155


Автор: Иса Байзақов

Қосқанат

Бұлтпенен араласып аспанға ұшып,
Ерлерім сайрандаңдар еңбек құшып,
Тілдескен аспанымен еңбекшілер,
Білімнің ұлы теңіз сырын шешіп.

Қайырмасы:
Әлдеқайдан,
Көктегі айдан,
Тұр алып сымбатынан,
Салдық сайран.
Қанаты жалт-жұлт ойнайды,
Төңкеріліп зырлайды,
Кейде тіп-тік аспанға,
Кейде қырын аунайды,
Құстан жүйрік қос қанат,
Қарасаң көзің тоймайды.

Еңбек пен жұмыскердің білім досы,
Дәуірдің социалистік алғыр құсы,
Жерде жел, машиналы көкте қанат,
Пролетариат жер жүзінің тұйғын құсы.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу