Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  209


Автор: Иса Байзақов

Жалқаулық

Жалқаулық надандықтың бір белгісі,
Қуанарлық наданның жоқ үлгісі.
Кеңестің кеңдігінде білім алмай,
Текке қарап оңар ма жүрген кісі.
Еңбексіз пайда іздеген арамтамақ,
Қуат беріп наданға болады жақ.
Ойласаң сарыуайым соқырлықта,
Көгертеді қай жанды ондай ақымақ.

1929 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу