Өлеңдер ✍️
Қош, ана
Надежда Крупскаяға
Кеше Ресей аймағын,
Басқанда қара түн түнек,
Құрсаудай қысып жан-жағын,
Күйзелгенде ел уһлеп.
Миллиондаған жұмыскер,
Ызамен ашу кернеген,
Толқындай тулап қайғы-шер
Адамға тыныс бермеген.
Шықты Ленин топ бастап,
Шықты ашынып күреске,
Бақытқа мәңгі ту ұстап,
Жол ашты көсем ұлы іске.
Отаннын, ару, ер қызы,
Болдық серік Ленинге,
Ананың алтын жұлдызы,
Ай боп тудың елімде.
Ай боп туып еліме,
Қасына бардың сен күннің.
Күн сәулесін көтеріп,
Серігі болдың Лениннің.
Серігі боп Лениннің,
Нұрыңды шаштың Отанға.
Ай дидарлы ана едің,
Таң боп атқан жиһанға.
Отанымның ер қызы,
Сүйікті еді-ау Надежда.
Күңіреніп, халқым, құлақ сал,
Жоқтау болған бұл назға.
Ұмытпас елі ер қызын,
Жүрегің бізге дос, ана!
Сөнбейді сенің жұлдызың,
Тыныш ұйықта, қош, ана!
Тыныш ұйықта, қош, ана
Отанымның ер қызы,
Үстіңде сенің желпіп тұр,
Ленин туы қырмызы!
1 март, 1939 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter