Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.07.2021
514
ҰЛЫМА
«Толдым, әке», - деп ұлым , кәмелеттік жасына,
Төл құжатын бергенде, қаным тепті басыма.
Мен де ертесін марқайып, ер жетті деп құлыным,
Қанат бітіп сезімге жар салдым – ау асыға
Анам, туған бауыр мен ақ ниетті досыма.
Кеше ғана шырылдап жерге келген күнім ең,
Асты – үстіңе мың түсіп, патшам, саған иілгем.
Былдырлаған тілің мен қылығыңа сүйінгем...
Көз сенбейді әлі де, шықтың біздің үйірден,
Алшы тұрды асығым ниетпенен иірген.
Жігіт бопсың, құлпырған, бала көктем қалып дүр,
Ойнақтап бір түр – тұлғаң, жүзің от боп жанып тұр.
Он жетіге жеткеннің белгісі ғой анық бұл.
«Алла, аруақтар қолдап бір, қыдыр, баққа жолықтыр!»
Деген тілек, үмітпен сенім артып халық тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter