Өлеңдер ✍️

  03.07.2021
  180


Автор: Шал Құлекеұлы

Арғымақ ат кімде жоқ

Арғымақ ат кімде жоқ,
Міне алмасаң, атша жоқ,
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпасаң жатша жоқ.
Бұқарада бар булама,
Ташкентте бар сулама.
Ел жаман шыға ма?
Шығадан жақ сы туа ма?
Сыйласпсаң тіріде
Екі көзің ағарсын,
Өлгеннен соң жылама.
Бұхар , Ташкент азғанын
Ішіндегі сарт білер.
Қамқа тонның тозғанын
Көп жасаған қарт білер,
Ағайынның азғанын
Қарындас білмес, жат білер,
Артқы қастың батқанын
Қаптал білмес, ат білер.
Ел ішінде бір мола,
Жау келсе де , үрку жоқ.
Соқыр, қисық болса да,
Бай ұлында шіркеу жоқ.
Неше мырза болса да ,
Жер солқылдап тұрса да,
Кедейден басқа шіркін жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу