Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.07.2021
391
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-01-23-17-37.png)
Өкпелеме
"Түрсіз ғой" деп, түсіне тыжырынба, ардақтым!
Сұр шинелдің ішінде
Жүрегі бар солдаттың.
"Өңсіз ғой" деп, түсіне өкпелеме, ақылдым!
Бөз көйлектің ішінде
Жүрегі бар батырдың.
Бор жаққандай шашына өкпелеме, ақылдым
Табары бар асылдан
Мынау ақбас ақынның.
өкпе өкпелеу солдат батыр ақын Мұзафар Әлімбаев Мұзафар Әлімбаев өлеңдері Мұзафар Әлімбаев шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇