Өлеңдер ✍️

  01.07.2021
  266


Автор: Фариза Оңғарсынова

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы,
еніп ем тәтті қиял құшағына.
Жаныма жақындамай жырақтады
арманым ақ сағымға ұсады да.
Жан, жүрек, ой, қиялым сендік еді,
зулайтын саған қарай үміт-кемем.
өн бойым хатыңа да елжіреді,
сенуші ем, болмайтын-ды күдік деген.
Көңілімнің арман туы самалменен
қиын-ау қайта тағы желбірері...
Мөп-мөлдір сезімдерім саған деген
есейтіп жібергендей енді мені.

1958




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу