Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.07.2021
350

Құмырсқа тірлік
Жайдақ су екен бұл ғұмыр
тамырсыз шөлде құм жұтқан.
Жаныңды сығып зыр жүгір –
құтылмайсың ажал-шындықтан.
Үміт те – сиқыр елес бір
сағым-жүйріктей зырлаған.
Көрген емеспін мен ешбір
ұстағанын сол бір нұрды адам.
Атар ма жайлы таң алғы –
белгісіз. Жұмбақ бұл қандай?!
Бір алып көкте адамды
қуыршақ қып ойнап тұрғандай.
Ертеңің – тылсым тұңғиық,
жеткізген емес күн елі.
Арман дегенің – бір биік,
жетпейді жан, тек көз тігеді.
Мәні жоқ екен өмірдің,
құмырсқа тірлік – қысқа жіп.
Жайласа да әлем төрін Күн,
жайдырмайды құлаш мыс қалып.
құмырсқа тірлік ғұмыр Фариза Оңғарсынова Фариза Оңғарсынова шығармашылығы Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇