Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.07.2021
142
Жігерлену
Еңсемді енді мен де бір көтерейін,
тамағымды кенейін, жөтелейін.
Көзі түспес көсемдер көрер ме екен –
бірін Беке, біреуін Төке дейін.
Жарқылдаған жұлдызды әлем мендей,
түгеншені ықтамай, Пәленге ермей
күн көріппін, жындарын құрыстырып,
биліктіге бұрылып сәлем бермей.
Қайда әулие қарттардан бата алғаным?
Жақсы, жаман өзімнің қатарларым,
бекпен ауыз жаласып не қорқытып
бөлісіп жүр шені мен шапандарын.
Биліктінің талайын батыл, белді,
алмас тісті шындықпен ақыл жеңді.
Ақылымның құны да тиын, егер
тоқтата алмаса сөзімен әкімдерді.
Тоқылдақ та тыңдатар орманға үнін,
құрығынан күштінің қорғар жырым.
Сөзімді өткізе алмасам әкімдерге
мен де олардай ақымақ болғандығым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter