Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.07.2021
1319
Әкеге арнау
Әкешім – заңғар тауым, тас қамалым,
Айнымас әркез сенің қас-қабағың.
Алдыңнан қанша дауыл соқса дағы,
Қайыспас мінезіңді тастамадың.
Әкешім – саф бұлағым, тау самалым,
Көңілің көңіліндей жас баланың.
Мінезің – құрыш болат, шыны керек,
Бала кезден ерекше жасқанамын.
Әкешім – тамыры терең еменімсің,
Тұңғиық ойға толы тереңімсің.
Әулеттің сырын шертіп, тармақтаған
Өзіңді шежіреге теңедім, шын.
Әкешім, бір мен үшін орның бөлек,
Өзіңді жақсы көрем елден ерек.
Өз жанын баласы үшін садаға етер
Әкелер дәл өзіңдей болу керек!
Әкешім, бар тілерім – амандығың,
Сырым – осы, осы да – адалдығым.
Жазғырма, әке, егер де, әлдекімнен
Баланның естіп жатсаң "жамандығын".
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter