Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.06.2021
178

Жекеменшікке талпыну
Сүйе алмаймын -
сүйгім келіп тұрса да есім кетіп
(мейлің мені сол үшін кешірме түк),
болмағандай ештеңе барасың ғой,
аласұрып келесің несін жетіп?
Көрген жерден -
аймалайсың алқынып, құлап-талып,
есімді алып үздігіп, сыр ақтарып.
Ал мен болсам, шығарып салған сайын
тұрам қимай ұзатып, жылап қалып...
Еркелегім келеді -
рахаттан сонда сен қалғыр едің,
бірге атқызғым келеді таңды менің.
Қазір тағы кетеді-ау деген ойдан
мұздап қоя береді жан-жүрегім.
Содан, содан қаламын
бар жаныммен алдыңда ашыла алмай,
тілеп тұрып - мойныңа асыла алмай.
Жекеменшік аңсайды көңіл-сайқал,
содан барлық желігі басылардай.
Мен салқындау көрінсем -
жарқылдауға жанарға жақұт қонып,
сені күтіп шаршадым, уақыт соғып...
Несіне ендің қиындау тағдырыма
қайғы болып, жартылай бақыт болып...
Жекеменшік сүю көңіл бақыт Фариза Оңғарсынова Фариза Оңғарсынова шығармашылығы Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇