Өлеңдер ✍️

  28.06.2021
  394


Автор: Әселхан Қалыбекова

АРША БЕСІК

Қарағайлар, емендер самсап өсіп,
Қажетіне жаратқан нанша кесіп.
Таудан таңдап қырқылып жасалыпты,
Қырғыздарды тербеткен Арша бесік.

Жарықтықтың иісін-ай бұрқыраған,
Бұтағында тиіндер зырқыраған.
Қысы-жазы жап-жасыл жапырағы,
Оның сырын, түсініп кім сұраған.

Салмақтанып байлығы сауырында,
Бет қаратпас «Барысы» бауырында.
Көк аршасын қия алмай көптеу тұрдым,
Адыраспан болса да ауылымда.

Шыққандаймын аралап өнер бағын,
Келістіре жаратқан Кемел Дарын.
Бүгінгінің бөпесін бөлеп жатқан,
Әттең Арша бесікті көре алмадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу