Өлеңдер ✍️

  28.06.2021
  303


Автор: Шәмші Қалдаяқов

Теріскей

Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Қарақұр Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Заманның көріп бірге самғағанын
Саялы сахарама таң қаламын
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен
Шалқыта Теріскейден салған әнім?

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу