24.06.2021
  190


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Йассауи ілімі қазақ ұлтының бас идеологиясы

Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді,


 


ділі өшсе ұлтын жоғалтады,


 


діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.


 


Моңғол шапқыншылығы, орыс отаршылдығы, жетпіс жылдық советтік қызылдар қырғыны кезінде тәнін берседе, рухын бермеген, өзін берседе, иманын бермеген қазақтар, егемендік алған соңғы жылдарда интернет ағысымен ағып, бейпіл ауызданды, рухын тонатып, мінезі өзгерді. Құдды жүгенсіз атқа мінген адамдай, белгісіз бағытқа кетіп барады....


 


Бабаларымызды сол алапат жылдардан аман алып шыққан, өлмес те өшпес күш не, оны қайдан алды? Көп адамдар идеология дегенде ұлттың салт-дәстүрін көз алдына келтіреді. Салт-дәстүр ұлттың ділі, ел басқарудағы моральдық заңы. Анау болмайды, мынау болмайды салтқа қайшы деп отырамыз. Онсыз ұлт болмайды. Десе де, ол ұлттық идеология рөлін атқара алмайды.


 


          Ежелгі адамдар өздерін қоршаған құпия әлемді өз өресі жеткен деңгейде түсініп, қабылдауға тырысты. Бұл көптеген сенім мен нанымдардың пайда болуына себеп болды. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейін жеткен деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін білеміз.


 


Дәстүрлі нанымдардың негізгі түрлеріне: Aнимизм(тaбиғaттағы жанды-жансыздың рухы бар деп қарау және оған бас ию). Фетишизм («ерекше қaсиетті зaт» сенімі және олардың мaгиялық қуaтынa негізделген. Пұтқa тaбыну, бойтұмaр тaғыну). Тотемизм, ата-баба аруағына табыну, шаманизм,  көкке және жерге табыну, тәңіршілдік пайда болды.


 


Біздің алғашқы нанымдарымыз тотемизмге негізделді, әр тайпаның өз тотемі болды. Қазақтардың әлі күнге көк бөріні пір тұтуы, аққуды атпауы - осы мифтік жануарлардың күші мен қамқорлығына деген сенімі.


 


Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын жан тұрағы деп қарастыру - оларды құдіреттендіруге жол ашты. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың ара жігін ажыратты және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырды. Әлемдік діндердің бастау тегіне Көкке табынудың (Тәңірге сену) өзекті қағидалары оларға арқау болған. Көкке табыну - уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі тәңірге, аруаққа, төтемге табыну болды. Ол кездің әдебиетінде басты тақырып елдік, ерлік, салт-дәстүр, жоқтау еді.


 


       Бұл үрдіс пайғамбарымыз(Илаһи билік 23 жыл) және оның төрт халифатының (Ижма 622-651) 29 жылдан соң, 661-750 жылдарда Уммия билігі үстемдік етті, 751 жылы Қарлұқтар кезінде Тараздағы Атлақ шайқасынан кейін Аббасилер билікке келуді. Содан бастап Тұран елі ислам дінін өз еріктерімен қабылдай бастады. VIII-IX ғғ Орта Азияда араб тілі мен мәдениетінің үстемдігі айқын сезілді. Әл-Фараби тағы басқа көптеген оқымыстылар осы кезде шықты.


 


 X-ғасырда орта азияда парсы тілі мен мәдениетінің үстемдігі байқалды,  атақты Зафарнама сол кезде жазылды. Х-ғасырдың соңғы жартысынан бастап Қараханиттер дәуірі басталды, Сатұқ Боғра хан өз тегін, өз тамырын іздеді, өздерін--- ежелгі Тұрандықтардың ұрпағымыз деп жар салды. Осылай үш жүз жылға жалғасқан өз еліндегі мәдени, тілдік үнсіздік ғасырын бұзды. Ислам дінін ел идеологиясы етіп, түрік текті мұсыманбыз деп заңында жазды. Осыдан соң XІ-ғасырда түрік тілі мен мәдениеті өз териториясында салтанат құрды.


 


                                                         ***


 


 Ұстазы Арыстан бабтың соңғы деміндегі өсиетімен Йассауи Бұхараға барып, қожа Жүсіп Хамадани хазіретінің  қызыметінде болып, мүршидтік кемел мәртебеге жетеді. Жүсіп Хамаданидің екінші халпесі қожа Хасан Андаки 1157-жылы  рамазан айының 26-жұлдызында дүние салған соң қожа Ахмет Йассауи атамыз пір болып Бұхара халқына дағуат жасап жүргенде, Илаһи аянмен Түркістанға баруы ләзім болады. Пірлікті қожа Абдулхалық Ғыждуани хазіретіне беріп, барша шәкірттерінің оған қол беруін өсиет етті. (Мәулана Әли ибн Хусейін. «Рашахат ани әл-Хаят».-Астана,2017. 456 бет). Туған өңірінің діні басқа отаршыл халықтардың қол астында қалатынын біліп, халқын құтқаруға келеді.


 


Түркістан халқында ежелгі оғыздардан сақталған 24 тотемдік символ болды, олар көк бөрі, бүркіт, ителгі, қыран, сұңқар, тазы, қаршыға, үкі, қарылғаш, аю, ай, күн, жұлдыз, тұмар, от деп жалғаса беретін. Ежелгі дүниетанымда біздің ата-бабамыз қасқырдан тарайды, не қасқыр емізеді, әйтеу, ит тұқымдас етіп көрсетеді. (Қытай жазбаларында «солтүстік патшалықытар және ит елі» деген үлкен аңыз бар). Міне, бұл Йассауиден бұрынғы бүкіл түрік халықтарына ортақ шежіре. Бүгіні адамтану ғылымында біздің ата-тегіміз қасқырдан тарайды деп айтуға бола ма, Дарвинизмнің адам маймылдан жаралды дегеніндей күлкілі нәрсе емес пе.  (Яссауи феномені. С.Керімбай, М. Төлеген, Ә.Нәби, А. Тасболат.-Алматы: «Орхон» Баспа үйі,2017.456 бет).


 


Пайғамбарымыздан бұрын құрып-бітуге шақ қалған Араб түбегі Құранмен сусындап, қырық құрау болған арабтардың басы бірігіп, мәңгілік Илаһи ілімнің нұрына шомылды. Құран түспесе, Пайғамбарымыз сол жерде тумаса Мекке мен Мәдинаға миллиондаған адам барар ма еді. Уотт Монтгомери «Исламның орта ғасырлық Еуропаға ықпалы» атты еңбегінде: Пайғамбар мисуагі әлемге тіс жауатын щетканы сыйлады. Сүннет көйлегі пижмаға айналды, ғұсыл тазалықты, дәрет төсекке аяқты жуып жатуды үйретті, жұмаға дайындалып сақал мұрт, шаш тырнақты алу жеке гигиена мен мәдениетті үйретті. Бұрынғы төсекке де жүн шекпендерімен құлай беретін жаман әдеттерінен айырылып төрт мезгілге қарай киім киетін болды, биттен құтылды, тамақты фарфор ыдыспен ішетін болды, кептірілген балық жейтін Еуропалықтар жеңіл сорпа, қою тамақ, тәтті тағам жеуді әдетке айналдырды,  Араб цифыры, компас, қағаз жасайтын дирмендер Еуропаға келді, солай жаппай сауаттанды.  Зайтүн,  інжір, банан, жүзім, құрма, шие жемістері келді,  егінді үнемдеп суғару үшін шағын арықтыр қазды, Гиттар алғаш Испанияда Кодрова халифатында пайда болды. Сәулет өнері дамыды, медицинаға жаңа серпін берді, солай Ибн Сина атымен аталды.


 


Адамды тәрбиелейтін Пайғамбарлар тізбегі тоқтаған соң, ұстаздық қызметті әулие-ғұламаларға берілді. Қожа Ахмет  Йассауиге Алланың нұры түскен үлкен әулие.


 


Қожа Ахмет Йассауи түркі халықтарының дүниетанымының көкжиегін кеңейтті, көне түркілік дүниетанымды ислам қағидалырымен байытты, жаңа өркениет қалыптастырды. Дәл солай мәңгілік ілім көне түркілік мәдениетке де өз сәулесін шашты. Қоғамды жаңартты, Йассауи түркінің ежелгі өмір сүру заңдылықтарының шариғатқа қайшы емес жақтарын сол бойынша қалдырды, қайшыларын назиралық жолмен ақырын жаңғыртып, синтез жасай білді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу